RU

Ғалымдар ішімдіктің бай мен кедейге екі түрлі әсер ететінін анықтады

Норвегиялық ғалымдар 50 жылға жуық зерттеу жүргізіп, алкогольдік ішімдік пен адамның әлеуметтік жағдайының байланысын анықтады. Бұл туралы storia.me сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Эйрик Дегеруд пен оның әріптестері адамның әлеуметтік жағдайына қарай оған алкогольдік ішімдіктің әсерін және жүрек-қан тамырлары ауруынан болатын өлім жиілігін зерттейді.

Белгілі болғандай спирттік ішімдік оларға әртүрлі әсер еткен. Мәселен кедей жандар байларға қарағанда алкогольді азырақ тұтынса да, олардың жүрек ауруларына жиі шалдығып, өмірімен ертерек қош айтысатыны байқалған.

Айта кету керек, мұндай өзгешелік спирттік ішімдікті аз тұтынатын және өте сирек ішетіндерге ғана қатысты. Ал оны жиі пайдаланып, бір аптаға дейін тоқтамай ішкендер бай немесе кедей екеніне қарамастан, теңдей жүрек ауруларынан өлім құшқан.

Алкогольдік ішімдікті жиі пайдалану бауыр циррозы мен ми қызметінің бұзылуынан басқа, ағзадағы жеті түрлі обыр ауруының дамуына және өкпеге қатты әсер етеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710924-galymdar-isimdikti-baj-men-kedejge-eki-trli-ser-etetinin-anyktady.html