RU

Хиджаб таққан қыздың әдепсіз биі жұрттың ашуын келтірді

Солтүстік Осетия тұрғыны Малика Джикаева Instagram парақшасының тікелей эфирінде әдепсіз биімен жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды News-r сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Хиджаб оранған қыздың заманауи биін желі қолданушылары әбден сынап тастады.

"Мұсылман қыздарының ұятын жерге таптама", "Есінен алжасқан", "Масқара", - деген жек көрінішке толы пікірлер қалдырды.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Владикавказ тұрғындары "оранған мұсылман әйеліне ән тыңдауға болмайды. Ал оған би билеуге мүлдем тыйым салынған", - деп жазуда.

Алайда қыздың өзі ешқандай ережені бұзған жоқпын деп санайды.

"Барлық теріс пікір айтушылар мезі етіп, олардан өшіңді алғың келген кез. Ей тақуалар, сендер қашан тілдеріңді тазалап, мені жақсы көре бастайсыңдар? Сол кезде мен де сендер сияқты жақсы адам боламын", - дейді Малика.

Айта кетейік, Маликаның әлеуметтік желідегі парақшасына 158 мыңнан астам адам жазылған.

Ол өзін Аланияның танымал моделі, Осетияның сұлу мұсылмандар байқауының бірінші орын жүлдегері ретінде таныстырады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711076-hidzab-takkan-kyzdy-depsiz-bii-zrtty-asuyn-keltirdi.html