RU

Екінші рет шаңырақ көтерген танымал айтыскер Ақтөбеде дүркіретіп той жасады (фото)

Халыққа сахнадағы сабырлы күйімен және сүбелі сөздерімен танымал болған ақтөбелік танымал айтыскер ақын, әнші, композитор Аян Сейітов екінші рет шаңырақ көтерді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбелік танымал айтыскер ақын екінші рет шаңырақ көтерді (фото)
Ақтөбелік танымал айтыскер ақын екінші рет шаңырақ көтерді (фото): UGC

Дүбірлеген думанды той Ақтөбе қаласында өткен. Қуанышты сәтті бөлісуге қазақ эстрадасының өкілдері Төреғали Төрәлі, Еркін Нұржанов, Әбдіжаппар Әлқожа және тағы басқа өнердегі достары келді.

Ақынның жүрегін жаулаған ғашығы - болашақ дәрігер. Ақтөбе медициналық колледжінің 4 курсында оқитын Перизат есімді ару Аянның жерлесі.

Ақтөбелік танымал айтыскер ақын екінші рет шаңырақ көтерді (фото)
Ақтөбелік танымал айтыскер ақын екінші рет шаңырақ көтерді (фото): UGC

Арнайы қазақы дәстүрмен өткен ұзатылу тойы Шалқар ауданындағы Біршоғыр елді мекенінде болған.

Қазіргі таңда Аян Сейітов Алматы қаласында тұрып жатыр.

Айта кетерлігі, осыған дейін отбасылы болған айтыскердің Айша есімді қызы бар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711195-ekinsi-ret-sayrak-ktergen-tanymal-ajtysker-aktbede-drkiretip-toj-zasady-foto.html