RU

Қазақстан еңбекақысы ең аз төленетін елдер бойынша екінші орында тұр

Қазақастанда Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ең аз жалақы төленеді. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Елімізде биыл ең төменгі жалақы мөлшері 14 пайызға көбейіп 28 284 теңгеге жетті. Алайда соның өзі басқа елдермен салыстырғанда тереземізді тең ете алмай тұр.

Мәселен, Ресейде бұл көрсеткіш тоғыз мың рубль немесе 45 мың теңге, Беларусь республикасында 155 доллар, Арменияда да ең төменгі еңбекақы құны 100 доллардан асады. Ал Америкада тіпті жоғары. Біздің бір айлап табатын (ең төменгі жалақыны есептегенде) табысты олар бір-ақ аптада ақтап алатын көрінеді.

Қазақстан рейтинг бойынша тек бір елден ғана жоғары тұр. Ол - Қырғызстан. Айыр қалпақты көршіміздің ең төменгі жалақысы шамамен алты мың теңгені құрайды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711211-kazakstan-ebekakysy-e-az-tlenetin-elder-bojynsa-ekinsi-orynda-tr.html