RU

Назарбаев: Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруі тиіс

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жыл сайынғы жолдауын елге ұсынды. Президенттің айтуынша, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл туралы centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан басшысы 30 дамыған елдің қатарына кіріп, "Төртінші өнеркәсіп революциясы дәуірінде" даму үшін алдыда тұрған "он міндет" туралы айтты. Олардың ішінде жаңа технологиялар саласында ел индустриясын үздіктер қатарына іліндіру, ресурс потенциалының тиімділігін арттыру, қаржы секторын қайта өңдеу, жемқорлықпен күрес және адам капиталының сапасын күшейту бар.

Бұдан бөлек Назарбаев еңбек өтіліміне сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін 1,8 есе көбейту, жаңа бағдарламалар бойынша қайта оқыған мұғалімдер жалақысын 30-50 пайызға арттыру жөнінде айтты.

Президент "тез өсіп келе жатқан қалалардың мәселелері мен инвесторлардың қызығушылығын арттыратын" "Смарт Сити" технологиясын дамытуға ниетті екенін білдірді.

Президент былтыр да дәстүрлі жолдауы баспасөзде жарияланар алдында орталық телеарналардан мәлімдеме жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711387-nazarbaev-kazakstan-damygan-30-eldi-kataryna-kirui-tiis.html