RU

Қатты ашулымын: Әкім борандағы астаналық жігіттердің әрекетіне күйінді (видео)

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек әлеуметтік желіде боранға түскен қыздарға көмектесудің орнына, оларды видеоға түсіріп тұрған жігіттерге күйінді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қатты ашулымын: Әкім борандағы астаналық жігіттердің әрекетіне күйінді (видео)
Қатты ашулымын: Әкім борандағы астаналық жігіттердің әрекетіне күйінді (видео): UGC

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған.

"Мен желідегі видеоны көріп, қатты ашулымын. Жігіттер көлікте отырып видеоға түсіруде, сыртқа шығып, көмектесуге қауқары жоқ. Онымен қоймай, видеоға ерінбей әуен қосып қойыпты", - деп жазған әкім.

Арман Тұрлыбек қолайсыз ауа райында халықты шыдамды әрі көмекшіл болуға шақырды.

"Мұндай қолайсыз ауа райында шыдамдырақ болайық, жолда біреу қатты желге төтеп бере алмай жатқанын көрсеңіз, көліктердің тұрып қалғанын байқасаңыз, тоқтап, көмектесіп жіберіңіз. Мейірімді болыңыз", - дейді ол.

Еске салсақ, қатты боран астаналықтарды әбігерге салып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1711666-katty-asulymyn-kim-borandagy-astanalyk-zigitterdi-reketine-kjindi-video.html