RU

Назарбаев ресми сапармен АҚШ-қа келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев және Трамп. Мұрағаттық фото
Назарбаев және Трамп. Мұрағаттық фото: UGC

Қазақстан президенті Вашингтон қаласына келді.

Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712153-nazarbaev-resmi-saparmen-aks-ka-keldi.html