RU

Елуден асқан азамат 35 жыл бойы көршілерінің жылқысын зорлап келген

35 жыл бойына жылқылар мен пониларды зорлап келген америкалық тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылмады. Оның үстінен жануарлардың иелері арызданға деп жазады Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елуден асқан азамат 35 жыл бойы көршілерінің жылқысын зорлап келген
Елуден асқан азамат 35 жыл бойы көршілерінің жылқысын зорлап келген: UGC

Өмірінің жартысын осындай азғындықпен өткізгенін 54 жастағы азаматтың өзі де жасырмай айтып отыр.

Ол ауылдастарының сарайына ұрлана кіріп, өзіне ұнаған жылқыны зорлауды бозбала кезінен-ақ әдетке айналдырыпты.

Тіпті, кейде шаруасын бітіріп болған соң жануарларды аяусыз ұрып тастайды екен. Ауыр соққыдан өліп кеткен жылқылар да болған.

Азғынның үстінен полицейлерге ең бірінші болып көршісі арызданған. Ол өз сарайындағы жылқының құйрығынан қан ағып тұрғанын байқап, бейнебақылау камерасын қарап шығыпты.

Адамшошырлық жайтты көргенде ол жылқыны зорлап жатқан ер адамды бірден таныған.

Кейінірек анықталғаны, зоофил бұған дейін де бірнеше рет ұсталған екен. Алайда, ол кездері жеңіл құқық бұзушылық деп бағаланып, полицейлер іс қозғаудан бас тартқан. Бұл жолы да сот оны түрмеге қамаудан бас тартып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712633-eluden-askan-azamat-35-zyl-bojy-krsilerini-zylkysyn-zorlap-kelgen.html