RU

Назарбаев: Мен халқыма ризамын

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа жасаған сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында өз халқына ризашылығын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

ризашлыық
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: nur.kz: UGC

Елбасының айтуынша, Қазақстан барлық елдің сеніміне кірген.

«Тарихтағы 25-26 жыл - бір ғана сәт. Мен адамдарды және халықты ойлаймын. Бейбітшілік пен келісімді сақтай отыра алда келе жатқанымыз үшін халқыма ризамын», - деп ағынан жарылды президент.

"Мен бір кездері қазақ бала болдым, енді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етемін" деген мемлекет басшысы Қазақстанның жеткен жетістігін атап өтті. .

«Кейбір елдер тіпті Қауіпсіздік кеңесінде де болмады, ал біз төраға-ел болдық. Біз нәтижелерге қол жеткіземіз, біз сенім туғызамыз.
Алып державлар бір-біріне сенім артпайды, ал біз бәрінің сеніміне кіреміз», - деді Назарбаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712699-nazarbaev-men-halkyma-rizamyn.html