RU

Фильмдегі төсек қатынасын қайталамақ болған жігіт сүйіктісін өлтіріп алды

Түрмеден енді ғана босап шыққан 24 жастағы жігіт абайсызда сүйіктісін өлтіріп, абақтыға қайта оралды. Ол фильмдегі төсек қатынасын қайталамақ болған кезде әйелді тұншықтырып қойған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эшли Фостер. Фото: life.ru
Эшли Фостер. Фото: life.ru: UGC

АҚШ-тың Уэст-Мидс қаласында Эшли Фостер әйелді өлтіргенімен қоймай, оның өлі денесін пакетке орап, шкафқа жасырып қойған. Марқұмның денесі үш аптадан кейін бір-ақ табылды.

Бостандыққа шыққанына небәрі үш күн өткен жігіт 17 жастағы сүйіктісі Меган Биллсты төсек қатынасы кезінде абайсызда тұншықтырып қояды. Ол фильмдегі интимдік қатынасты қайталағысы келген екен.

Меганның өлі денесі олар тұратын жатақханада, Эшлидің бөлмесінен табылған.

Жас жұптың осы оқиғаға дейін күліп-ойнап жүргені жатақхана маңындағы азық-түлік дүкенінің видеобақылау камерасына түсіп қалған. Ол жерде ғашықтар әр түрлі алкогольсіз сусындар алыпты.

Эшли төсек қатынасының екіжақты келісіммен жасалғанын айтып ақталды. Алайда сот алқасы оны Меганның өліміне кінәлі деп тауып, 26 жылға бас бостандығынан айырды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712762-filmdegi-tsek-katynasyn-kajtalamak-bolgan-zigit-sjiktisin-ltirip-aldy.html