RU

"Алтын белгісін" 500 мыңға сатпақ болған азамат елді дүрліктірді

Ғаламтор желісінде тараған "Алтын белгі төсбелгісі 500 мың теңгеге сатылады" деген хабарландыру елді дүрліктірген еді. Осыдан кейін Білім жаәне ғылым министрлігі ерекше жарнамаға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz: UGC

Министрлік өкілдерінің айтуынша, елімізде төсбелгіні сатуға заңмен тыйым салынбаған.

"Бұл атаулы төсбелгі. Оның жанындағы сертификатта медаль алушының аты-жөні жазылады. Яғни оны біреуге беру немесе сату мүмкін емес. Тек медальдің өзі ғана коллекция жинаушыларын қызықтыруы мүмкін.
Әрине, біз мұндай сауданы қолдамаймыз. Бірақ заңмен қудалау да мүмкін емес. Себебі "Алтын белгінің" көмегімен біреудің жеңілдіктерін ешкім де пайдалана алмайды", - деді министрлік қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713516-altyn-belgisin-500-myga-satpak-bolgan-azamat-eldi-drliktirdi.html