RU

Ерекше шұлық киген Канада премьері елді өзіне қаратты (фото)

48-ші Дәстүрлі Давос экономикалық форумын ерекше шұлық киіп келген Канада премьер-министрі Джастин Трюдо желіде жұлдыз болды деп хабарлайды gazeta.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Канада прм
Канада прм: UGC

Елден ерекшеленгенді жақсы көретін премьер бұл жолы алқалы жиынға сары үйректер бейнелеген шұлық киіп келген.

Оның бұл идеясы бизнесмендерді ғана емес әлемдік сән сарапшыларының да назарын өзіне аударып, қызу талқыға түскен.

Канада прм
Канада прм: UGC

Айта кетейік, жалпы Канада премьері қатып қалған стереотип бұзып, ерекшеленіп жүргенді жақсы көретін сыңайлы.

Фото: Memepedia
Фото: Memepedia: UGC

Мәселен ол Солтүстік Атлантика одағының САММИТ-де альянстың логотипі бейнеленген шұлық киіп келсе, қыркүйекте Халықаралық валюта қорының төрағасымен кездесуге "Жұлдыздар соғысында" кейіпкер бейнеленген шұлық киіп келген.

Фото: fakty.ua
Фото: fakty.ua: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713887-erekse-slyk-kigen-kanada-premeri-eldi-zine-karatty-foto.html