RU

Жер бетінен тағы бір жануар жойылып кетті

Жоғалудың сәл алдында тұрған Шығыс пумасы жер бетінен мәңгілікке жойылып кетті деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

жер бетінен тағы бір жануар жойылып кетті
Жер бетінен тағы бір жануар жойылып кетті: UGC

Жабайы жануарлар мен аң-құстарды тіркейтін АҚШ-тың федералды тізімінен аталған жыртқыш сызылып тасталған.

АҚШ-тың Балық қоры мен жабайы жануарларын қорғау қызметі ғылыми және коммерциялық ақпаратқа сүйене отырып, Шығыс пумасын жер бетінен мәңгілікке жойылған жыртқыштардың қатарына қосты.

Бұл шешім заңдастырылып та үлгерген. Заң күшіне 2018 жылдың 22 ақпанында күшіне енеді.

Аталған жыртқышты америкалық ғалымдар 1938 жылдан бері бақылауға алған екен.

Ол кезде табиғатта аз болса да кездескен олардың соңғы уақытта мүлдем ізі де қалмапты. Яғни, жер бетінен популяциясы жоғалды деп айтуға толықтай негіз бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713938-zer-betinen-tagy-bir-zanuar-zojylyp-ketti.html