RU

Қаңтар айында шаңырақ көтеріп, сәбилі болған отандық жұлдыздар кімдер?

2018 жыл – қазақ өнерпаздары үшін берекелі басталды. Ит жылының қаңтарында бір бастар екеу, екеулер үшеу болып көбейді. Ендеше, жұлдызды отбасындағы жағымды жаңалықтарды ұсынамыз деп хабарлайды Comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

2018 жылдың қаңтарының жұлдызды қуаныштары. Коллаж: Comode.kz
2018 жылдың қаңтарының жұлдызды қуаныштары. Коллаж: Comode.kz: UGC

Қаңтардың 7-і күні қобызшы Ақерке Тәжібаева мен отағасы Есенжол ата-ана атанды. Әдемі жұптың тұңғыштарының салмағы 3700 грамм, бойы 54 см. Ал, сұлудың есімі –Айкөркем.

Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC

Періштені перзентханадан шығарып алу үшін танымал продюсер, Ақеркенің әпкесі Гүлзира Үсенқызы, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз, балеттің шебері Досжан Табылды секілді мықтылар жиналды.

Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC
Он екі сағат қиналып, аман-есен босанған Ақерке жүктілік кезінде йогамен тұрақты түрде айналысқан. Жас ана болашақ аналарға жүктілік кезінде спортпен, йогамен айналысуға кеңес берді.
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC

Алуа Қонарова үшін де 2018 жыл берекелі басталды. Продюсер ханым қаңтар айында екі рет немерелі болды. 13 қаңтар күні Auymi тобының экс-әншісі Айдана жары Мәлікке маңдайы торсықтай ұл сыйлады.

Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC

Салмағы 3404 грамм, бойы 54 см батырдың есімін Мәліктің әкесі Мұса деп қойған.

Ал, бизнесмен өзіне ұл сыйлаған сұлу келіншегін батырға балап, темір тұлпар мінгізді.
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC

Айдананың ізін жалғап, үш күннен соң, 16 қаңтар күні «Rin’Go»-лық Аян екінші рет әке атанды. Өмірге келген нәрестесіне есімді таңдау әнші жігіт үшін оңай болмады.

Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC
Ол Диана немесе Сая деген қос есімнің бірін таңдау үшін ұзақ ойланған. Нәтижесінде, инста-достарының пікірі мен өзінің талғамына сүйене келіп Сая деген есімді Әдидың қарындасына азан шақырып қойды.
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC

Айтпақшы, 2017 жылдың 21 желтоқсанында «Арай» тобының экс-әншісі Медет Көжекбаев та әке атанды. Бір қызығы, әнші ұзақ уақыт бойы өзінің үйленгендігін құпия ұстаған.

Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC
Үш жыл бұрын Құралай есімді арумен неке қиған Медеттің тұңғышы туралы сүйіншіні алғаш болып Нұржан Керменбаев өз парақшасында хабарлап, досын құттықтады.

Ал, бұл бақытты жандардың қуанышы келесі жұптарға жұғысты болсын дейміз. Олар ит жылы үйленіп, бір мемлекетке айналған жандар. Танымал домбырашы Мұрагер Сауранбаевты өнерсүйер қауым қазір көк жәшіктен де, сахнадан да өте сирек көреді.

Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC

Астананың тұрғыны атанған сері 2018 жылдың басында Әсел есімді арумен шаңырақ көтерді. Оның тойына елордалық әріптестері ат тұяғы қалыспастан жиналды. Олардың қатарында танымал продюсер Қыдырәлі Болманов, журналист Ринат Кертаев секілді тұлғалар да бар.

Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram
Қаңтар айының жұлдызды қуаныштары. Фото: Instagram: UGC

Жанар Дұғаловамен бірге «Turkvision-2014» қатысып, қазақтың домбырасын насихаттаған Нұржан да биыл үйленді. Домбырашы Нұржан Тәжікеновты құттықтау үшін Атырауға жас актер Нұржан Аташ, «Базар жоқтың» Қайраты, «Асылдың» Ақеркесі ат терлетіп барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714204-katar-ajynda-sayrak-kterip-sbili-bolgan-otandyk-zldyzdar-kimder.html