RU

Обыр ауруын тудыратын ең қауіпті тағам түрлері белгілі болды

Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары адам ағзасына зияны көп ең қауіпті тағамдар тізімін мәлім етті деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pixabay
Фото: pixabay: UGC

Ғалымдардың айтуынша, құрамында холестерині жоғары жануар еттері адам ағзасындағы қатерлі ісіктің дамуына алып келеді екен.

Зерттеушілер тәжірибе барысында холестерин құрамының бұзылуынан қауіпті аурулар туындайтынын байқаған. Бұл әсіресе, асқазан обырын тудыруға ықпал етеді.

Осылайша, мамандар қауіпті аурулардан сақтану үшін майлы тағамдарды, сондай-ақ қызыл ет пен сүт өнімдерін тұтынуды азайту керек деп отыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714226-obyr-auruyn-tudyratyn-e-kauipti-tagam-trleri-belgili-boldy.html