Выйти
RU

Мейрамхананы тонауға келген қарақшы ішімдіктерді көріп басы айналып қалған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Арменияның астанасында мейрамханаға кірген ұры бірнеше бөтелке қымбат ішімдіктерді ұрлап ішіп, оқиға орнында ұйықтап қалған деп хабарлайды Sputnik Арменияға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: korrespondent.net

Фото: korrespondent.net

Қаңтар айының аяғында полицияға мейрамханаға ұры түскені туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері алкагольдік ішімдікке сылқия тойған азаматты тұтқындайды.

Полицияның мәліметінше, ұсталған 40 жастағы азамат сейфті бұзып, ондағы бес бөтелке қымбат алкагольді ішімдіктер мен үш литрлік банкідегі он компотты ұрлаған.

Ер адам қылмыс орнынан кетпестен сол жерде ұрланған ішімдікті ішіп алып, мас күйінде ұйықтап қалады.

Ұсталған қылмыскер «ішімдікке улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылып, артынан полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мейрамхананы тонауға келген қарақшы ішімдіктерді көріп басы айналып қалған