RU

Біржыныстылардың некесіне қарсы болған неміс саясаткері ислам дінін қабылдады

Христиандардың гейлерді қолдағанына ашуланған немістің «Германия үшін балама» атты оңшылдар партиясының мүшесі, белгілі саясаткер Артур Вагнер ислам дінін қабылдады деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Артур Вагнер
Фото: Michael Sohn / AP
Артур Вагнер Фото: Michael Sohn / AP: UGC

Бұрынғы протестант біржынысты некеге түбегейлі қарсы екенін айтты. Ол Германия мен Швейцарияда өткен гей-парадқа дінбасылардың қатысқанын қатаң сынға алып, онда жас балалардың да болатынын ескертті.

Сондай-ақ, Вагнер партияның қатарынан шықпағанымен, бұрынғыдай көшбасшылық қызмет атқармайтынын да айтты.

Дегенмен оның бұл шешімі әріптесі Кей Бергердің көңілінен шықпады.

"Көптеген адамдар оның партиядан кетуін күтуде. Өкінішке орай, біздің кодексіміз бұған мүмкіндік бермейді", - деді ол.

Оңшылдар партиясының өкілі ислам дінін өткен жылдың қазан айында қабылдағанымен, ол бұл туралы тек қаңтар айында ғана мәлімдеген.

Танымал саясаткердің діни көзқарасы оның өзге әріптестері мен қатар Германияның исламмен күрес ұйымының да таңданысын тудырды.

Ол бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель бастаған Христиан демократиялық одағының мүшесі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714880-birzynystylardy-nekesine-karsy-bolgan-nemis-saasatkeri-islam-dinin-kabyldady.html