RU

Асхат Садырбай бұрынғы жары Еркемен қарым-қатынасы жайлы алғаш рет пікір білдірді

Белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай алғаш рет экс-жұбайы Ерке Есмаханмен ара қатынасы жайлы айтты деп хабарлайды Ұлттық арнадағы «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тележүргізуші өзінің телевизия саласына қалай келгені, алғашқы еңбек жалақысы туралы еске алды. Сондай-ақ, ол тележұлдыз болуды армандамағанын да атап өтті.

«Мен облыстық арнада жүрген кезде еден жуған емеспін. Қайта республикалық арнаға келіп, өзім еден де жудым, шаң да сүрттім», - деді журналист.

Сондай-ақ, Асхаттың бұрынғы жары Еркемен қарым-қатынасы және оған қазіргі әйелінің көзқарасы жайлы көрермен сауалына тележурналист ашық жауап берді.

«Еркемен араласамын. Келіншегім Айғаным мені қызғанбайды. Себебі Ерке өз алдына кеткен адам. Сүйген жігіті де бар шығар. Оған бақыт тілеймін. Ортамызда бала бар. Сол үшін араласамын», - дейді Асхат Садырбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715193-ashat-sadyrbaj-bryngy-zary-erkemen-karym-katynasy-zajly-algas-ret-pikir-bildirdi.html