RU

Сұлулық байқауына "қыз" болып қатысқан қазақстандық жігіт туралы не білеміз?

«Miss Virtual Kazakhstan» конкурсының финалында өзін қазақ аруы ретінде таныстырған 22 жастағы Илай Дягилевтің қыз бала екеніне ешкімнің күмәні болмаған. Қазақ қоғамын дүрліктірген жігіттің өмірі жайлы және оның әлеуметтік желідегі бейнесін NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

Сұлулық байқауында үміткер ретінде бақ сынаған Илай модель болып жұмыс істеп, түрлі фотосессияларға қатысады.

Ол әлеуметтік желілерде өзінің философиялық ойларымен жиі бөлісіп отырады.

«Бәрі уақытша! Неғұрлым ерекше болған сайын сол нәрсе біздің есімізде ұзақ уақыт бойы қалады. Мен өз өмірімді азық-түлікпен салыстыра аламын, күлкілі естіледі, бұл рас! Мен әрқашан тәттіні жақсы көрдім, үнемі тәттімен тамақтанамын деп ойладым. Ал біз ылғи бір дәммен өмір сүрсек не болады? Біз механикаға айналамыз, құсқымыз келеді, өзімізге зиян келтіреміз және бүлдіреміз. Өмірде солай: егер бәрі қайталана беретін болса, сіз өзіңізді өлтіріп жатырмын деп есептеңіз. Бәрінен ләззат алыңыз, өмір ылғи да жарқын болмайды, дегенмен оның өз тартымдылығы бар», - деп кеңес береді ол.

Фототүсірілімнен басқа ол қысқа видеолар түсірумен шұғылданады.

Сондай-ақ, Илай «Әлемге менің көзіммен қара» деген рубрикамен ерекше табиғат көріністерін түсіргенді ұнатады.

Жігіт өзін көптеген образдарда сынап көрген. Оның әртүрлі бейнедегі суреттеріне қарап, қыз бейнесіндегі образында да таңқалатын ештеңе жоқ екенін түсінесіз.

Естеріңізге салсақ, Илай Дягилев «Miss Virtual Kazakhstan» байқауына қатысып, өзін тіпті Арина Алиева ретінде таныстырып, финалға шыққан оның әрекеті сайысты ұйымдастырушыларды таң тамаша еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715215-slulyk-bajkauyna-kyz-bolyp-katyskan-kazakstandyk-zigit-turaly-ne-bilemiz.html