RU

81 жасында университет тәмамдаған кейуана жұртты таңғалдырды (фото)

Қытайлық әжей теледидар көруден түбегейлі бас тартып, 81 жасында диплом алды деп хабарлайды trud.ru-ға сілтемеге жасаған NUR.KZ.

Фото www.trud.ru сайтынан алынды.
Фото www.trud.ru сайтынан алынды.: UGC

Кейуана қорытынды емтиханды жеті рет тапсыруға мәжбүр болған.

Қытайдың «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Тяньцзинь университетін аяқтаған қарт студент төрт жыл бойы теледидар көруден бас тартып, бос уақытының бәрінде оқуға дайындалған.

Кейуана «Электронды сауда» мамандығы бойынша интернет желісі арқылы қашықтықтан білім алған.

Сюэ Миньсю атты 81 жастағы студент 2014 жылдың наурыз айында 77 жасында университетке түседі.

Ол тобындағы ең кәрі ғана емес, ең үздік студент болды. Әр күні таңғы бесте оянып, сабаққа дайындалады.

Бүгінде 81 жасында диплом алған әжей компьютердегі Excel мен Photoshop бағдарламаларымен қоса, бес тілді – қытай, ағылшын, француз, орыс және латын тілдерін еркін меңгерген.

Сабақтан өзге бос уақытында Сюэ Миньсю жүзу, шаңғымен сырғанау және суретке түсірумен айналысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715596-81-zasynda-universitet-tmamdagan-kejuana-zrtty-tagaldyrdy-foto.html