RU

Ерлердің бәрінен жасыратын он шындығы қандай?

Еркектердің жайлы он қызықты мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды adme.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: adme.ru.
Фото: adme.ru.: UGC

Дүние жүзі бойынша әйелдер қауымы ерлерге қарағанда ұзақтау өмір сүреді. Және ер азаматтар өмірінің жарты жылын әйелдерге қарауға жұмсайды әрі әйелдерге қарағанда екі есе көп өтірік айтады.

Енді осы ақпараттардың рас-өтірігіне тоқталайық:

1. Ер адамдар кең ауқымдағы қорқынышты түстер көреді

Өлім, денсаулық мәселесі және өзге де жеке қиындықтар – адам баласының бәріне ортақ сұмдық тақырып. Алайда, Монреаль университетінің ғалымдарының зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ерлер мен әйелдердің қорқынышты түстерінің арасында он мыңнан астам айырмашылық бар көрінеді.

Жоқшылық, су тасқыны, жер сілкінісі мен соғыс сияқты сұмдық түс көрген ерлер қауымы қатты шошып оянады.

2. Ерлер жерден бір затты алу үшін бүгіледі

Ерлер құлап қалған нысанды көтеру үшін иіледі, ал әйелдер отырады. Әрине, бәрі бұлай істемейді, бірақ бұл адамдардың көпшілігіне тән мінез-құлық.

Мүмкін, бұл әйелдердің көбінесе ыңғайлы киімдерді (қысқа немесе тар) кимейтіндігімен байланысты, сондықтан олар отыруға мәжбүр. Ер адамдарда мұндай қиындық туындамайды.

3. Ерлерге денсаулығында қиындығы жоқ әйелдер ұнайды

Гранада университеті ғалымдарының зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, ер азаматтар сұңғақ бойлы әйелдерді денсаулығы мығым деп санайды екен.

Және сыртқы пішіні моделдік стандарттарға сай келетін қыздарды, яғни қауырсын тәрізді емес, салмағы мен бойы сәйкес келетін әйелдерді ұнатады.

4. Ерлер белдіктерін бас бармағымен ұстап тұрып, қыздың назарын аударуға тырысады

Ерлер қызығушылығын оятқан әйелдерге сезімін білдіру үшін және өзінің батыл ер адам екенін ұқтыру үшін әр түрлі әрекеттерге барады. Әдетте ерлер қауымы бас бармағымен шалбарының белдігін ұстап тұрады.

Бұл әдіс шалбар мен белдік болмаған өткен ғасырларда пайда болған. Бұл өте әдепсіз көрінгенімен, қазірге дейін сақталған.

5. Олар ер адамдардың көзқарасын маңызды санайды

Ерлер қауымы әйелдердің өздері туралы пікір-көзқарастарын рахаттана қабылдағанымен, өзара айтатын қошемет сөздері әлдеқайда жағымды естіледі. Мұнда жыныстық қатынас туралы әңгіме емес, сырт пішіндеріне қатысты пікірлер аса маңызды саналады.

Бингемтон университінің зерттеушісі Роберт Герберттің айтуынша, адамдардың 30 пайызы ғана айтылған қошемет сөздерді жылы қабылдап, рахмет айтады екен.

6. Еркектер қызығушылықпен достасады

Профессор Рональд Риджионың ерлер мен әйелдер арасындағы достыққа қатысты зерттеуі бойынша, ерлер арасындағы достық ортақ қызығушылыққа негізделеді. Олар бірге футбол, теннис, гольф ойнайды немесе бірге сүйікті командаларының матчын тамашалайды.

Ал әйелдердің достығы көп жағдайда көңіл-күй мен қолдауға негізделеді. Әйелдер өздерімен «эмоционалды тұрғыда бірдей» адамдарды таңдайды.

7. Ерлер қоғамдық орындарда әйелдерге қарағанда екі есе көп тамақтанады

Бұл қызық көрінуі мүмкін. Бірақ еркектер әйелдермен бірге тамақтанғанда көбірек жейді. Олар 93 пайыз пицца, 86 пайыз салатты әйелдерге қарағанда көп жейді. Ақымақтау боп көрінгенімен, бұл табиғи инстинк екені белгілі.

8. Егде тартқан еркектер кеңірек киім кигенді қалайды

Біздің не киетініміз, өзімізді қалай сезінетіндігімізге байланысты. Және айналамыздағылардың қалай қабылдайтынынын да ескереміз. Сондықтан да еркектер іскерлік кездесулерде кең киім кисе, өздерін сенімді сезінеді.

Бірақ бұл қағида жасы келгендер үшін емес. Жас жігіттердің көбі ыңғайсыз болса да, тырысқан шалбар немесе шорты киеді. Ал егде тарта бастағанда, өзін жайлы сезінетін киімді қалайды.

9. Ерлердің өмір салты негізінен оның интелектісіне байланысты

Стокгольмнің Каролин институты ғалымдарының зерттеуінше, ерлердің өмір сүру салтының басым бөлігі IQ (интелект) деңгейіне байланысты. Атап айтқанда, ол ішімдік іше ме? Осы мақсатта мамандар 1949 жылдан 1951 жылға дейін дүниеге келген шамамен 50 мың шведтің деректерін зерттеді.

Зерттеушілердің айтуынша, интелект деңгейі төмендер тым көп ішеді. Бірақ, бұл факт интелектіге ғана қатысты емес, алкогольді асыра қолданатын ерлерде жиі эмоциялық проблемалар болуы да мүмкін.

Алайда, ғалымдар интелектісі жоғары ер адамдар дұрыс өмір сүру салтын ұстанады деген қорытындыға келеді.

10. Еркектер әйелдерге қарағанда екі есе көп өтірік айтады

Орташа статистикалық мәліметтерге сәйкес, ерлер күніне алты рет әріптестерін, бастығын немесе серіктесін алдайды. Ал әйелдер күніне бар болғаны үш рет өтірік айтады.

Және «Ештеңе етпейді, мен де бәрі жақсы» ең көп таралған өтірік фраза болып саналады.

11. Еркектер қауымы өмірінің жарты жылын әйелдерге қараумен өткізеді

Ер азаматтар күніне 43 минутты әр түрлі он әйелге қарауға жұмсайды. Бұл әр жылдың 259 сағатын (немесе 11 күнін) құрайды. 18 бен 50 жас аралығында ерлерге жүргізілген зерттеу қорытындысына сәйкес, олар 11 ай мен 11 күнді әйелдерді сүюге арнайды.

Ал әйелдер тәулігіне бар болғаны 20 минутты ерлерге қарауға жұмсайды. 18 бен 50 жастағы әйелдерге жүргізілген зерттеу нәтижесінде, олар жарты жылын ерлерге көз салуға арнайды екен.

Kodak Lens Vision Centers қомпаниясы қызметкерлерінің берген ақпаратына сай, танымайтын адамдар супермаркет, паб және түнгі клубтарда бір-біріне көп қарайды.

Ал сіз өз тәжірбиеңізде бұл қатарға қандай фактілерді қосар едіңіз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716094-erlerdi-brinen-zasyratyn-on-syndygy-kandaj.html