RU

Төрт адамды аямай қырып салған қанішер өзіне де қол салды

АҚШ-тың шығысындағы Кентукки штатында ер адам төрт адамды өлтіріп, артынан өз-өзіне қол салды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төрт адамды қырып салған қанышер өзіне қол салды
Төрт адамды қырып салған қанышер өзіне қол салды: UGC

Сенбі күні Пейнтсвилл қаласының шұғыл қызметіне атыс туралы хабарлама түседі. Қылмыс орнына келген округ шерифі пәтерлердің бірінің ас үйінен екі адамның мәйітін табады. Оларды атып өлтірген қаскөй оқиға орнынан кетіп қалған.

Куәгердің айтуынша, қылмыскер қара түсті Toyota Camry көлігіне мініп қашып кеткен. Оған Пейнтсвилл мен қала маңындағы аймақтарда іздеу жарияланды.

Кейін Пейнтсвилл көшелерінің бірінен көлік табылады. Машина жанында тұрған үйде тінту жүргізілген кезде пәтерлердің бірінен тағы екі адам мен өзін өлтірген қылмыскердің денесі табылған.

"Төрт адам өлтірген қылмыскерді көрген кезде қандай ауыр сезімде болатыныңды сөзбен жеткізу қиын. Мен құқық қорғау органдарында жұмыс істеп жатқаныма 34 жыл болды. Осы уақытта көрген жантүршігерлік қылмыстардың бірі осы болып отыр", — деп мәлім етті шериф Двейн Прайс.

Шериф бұл істің мән-жайын штат полицейлерімен бірге анықтайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716262-trt-adamdy-aamaj-kyryp-salgan-kaniser-zine-de-kol-saldy.html