RU

Оқушы қыздармен төсектес болғысы келген мұғалім өзінің әйел екенін жасырған

Солтүстік Уэльсте 20 жастағы мұғалім оқушы қыздармен төсектес болу үшін өзінің жынысын жасырып келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқушы қыздармен төсектес болғысы келген мұғалім өзінің әйел екенін жасырып келген. Фото: life.ru
Оқушы қыздармен төсектес болғысы келген мұғалім өзінің әйел екенін жасырып келген. Фото: life.ru: UGC

Джордана Дэвидсон кәмелетке толмаған екі оқушы қызбен желі арқылы танысады. Ол желіде өзін жас жігіт ретінде таныстырып, шын мәнінде әйел екенін жасырып келген.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ол 19 жасында 13 жасар қызды өз өтірігіне сендіріп, онымен төсектес болып үлгереді. Ал 20 жасында 15 жастағы қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен.

Жас мұғалім бұл қылмыстары үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Судья жеткіншектердің өз еркімен төсек қатынасына түскенін ескере отырып, ұстазға жеңіл жаза тағайындағанын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716378-okusy-kyzdarmen-tsektes-bolgysy-kelgen-mgalim-zini-jel-ekenin-zasyrgan.html