RU

Баянның кенже қызы қазақ тілін білмейді деп сөккендерге жауап берді

Баян Мақсатқызының кенже қызы Айару қазақ тілін жетік білетінін мойындады деп хабарлады NUR.KZ.

Айару Бақытбек. Фото: Instagram
Айару Бақытбек. Фото: Instagram: UGC
«Менің қазақ тілін білетінімді білгісі келетін адамдар көптен көп. Жалпы мен күнделікті өмірімде орысша сөйлесемін. Себебі, орыс мектебінде оқимын. Мені қоршаған ортадағы адамдар көбінесе орысша сөйлескенді қалайды», - деген тілі шыққаннан қазақша сөйлегенін тілге тиек етті.
Айару Бақытбек. Фото: Instagram
Айару Бақытбек. Фото: Instagram: UGC
«Жалпы айтқанда, менің тілім қазақша шыққан. Себебі, туылғаныма 20 күн болған кезден бастап мені апам (няня) қарады. Ол тек қазақ тілінде сөйлейтін. Қазақшам жақсы болған соң, ата-анам қазақ мектебіне оқуға берген. Кейін өзімнің қалауым бойынша орыс сыныбына ауыстым. Мен өз тілімді құрметтеймін және жақсы көремін», - деп жазды Instagram парақшасында 14 жасар бойжеткен.

Айта кетейік, продюсердің кенже қызы Айару Бақытбек үнемі ел назарында жүреді. Көпшілік оған бірде бояп алған ерні үшін ұрысып тастаса, енді бірде орыс тілінде жазған жазбалары үшін сөгетін.

Жас ару өзін сөккендерден шаршаса керек, жазбасын қазақ тілінде жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716929-baanny-kenze-kyzy-kazak-tilin-bilmejdi-dep-skkenderge-zauap-berdi.html