RU
Шымкенттік жігіттің анасына арнаған әні көпшіліктің көңілін босатты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік жігіттің анасына арнаған әні көпшіліктің көңілін босатты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте анасына арнап ән кешін өткізген Айдос Қалиев, көрерменнің көңілін босатты. Балалар үйінде тәрбиеленген өнерлі жігіт, концерттің атын "Анаға сағыныш" деп қойған. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Айдос Қалиев. Скриншот ТВК арнасынан алынды

Айдос Қалиев. Скриншот ТВК арнасынан алынды

Анаға деген сағынышты әнмен жеткізген кеш иесі, концертке келгендердің көзіне жас үйірді. Алайда ол өзінен бас тартқан анасына ренжіген емес.

"Бүгінгі кештің тақырыбы "Анаға сағыныш". Өйткені ол өзімнің шынайы өмірімнен алынған тарих. Суық тарих. Әлі күнге дейін шешілмеген сұрақ. Құдай қаласа осы кештен кейін анамды тапсам деген ниеттеміз. Осы анамды іздеумен айналысамыз. Бұл жерде қазіргі жастарды, жас аналарды балаларын тастамаса екен, ешбір сәби далада қалмаса екен деген мақсат", - дейді әнші Айдос Қалиев.

Бала кезінен ән айтататын Айдос Қалиев демеушілер табылса біраз белесті бағындырғысы келеді. Ал бағындырар белесінің ең үлкені анасын табу.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
4
5
28
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel