RU
Sulpak 2018 жылды халыққа қызмет көрсету жылы деп жариялады
Жаңалықтар Пресс-релизы

Sulpak 2018 жылды халыққа қызмет көрсету жылы деп жариялады

Рассказать Вконтакте

Ақпанның 20-да «Sulpak 2018 жылды Қызмет көрсету жылы деп жариялайды» атты баспасөз-мәслихаты өтті.

Пресс-релиз

Sulpak сауда-саттық компаниясы басты ретейлер мен сатып алушы арасында болатын даулы жағдайларды анықтау, жанжалдардың пайда болуы және оларды шешу жолдарын, соның ішінде білім беру құралдарын пайдалану, даулы мәселелердегі коммуникативтік тізбенің қысқаруы, сатып алушы мен сатушының арасындағы саудадан кейінгі қоғамдық бақылауды енгізу мақсатында сарапшы ретінде «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігін шақырды.

Sulpak бас директоры Дмитрий Провкин: «Менеджмент сандарға қарайды, ал сандар бізге қызмет көрсету деңгейін мақтан тұтуға тұрарлық екенін көрсетеді – пікірлердің тек 5 пайызы ғана жағымсыз сипатта және де біз әр мәселені жекелеп қарастырамыз. Дегенмен, бұл статистика ғана. Біз «Адал» бірлестігін сандарға емес, нақты адамдарға, нақты мәселелерге көңіл бөлу үшін ынтымақтастыққа шақырдық. Сатып алушылармен жұмыс сапасын кері байланыстың үш арнасы арқылы бақылаймыз, жаңа даулы жағдайлар қызметкерлерді даярлау бағдарламасын жаңарту кезінде есепке алынады. Ал, бізде 6 мың адам жұмыс істейді. Кемшіліктер болып тұрады, ал бұл қателерді түзетуді біз қолмен басқармақ ниеттеміз».

Пресс-релиз

Баспасөз-мәслихаты шеңберінде компания өкілдері желіні дамыту жоспарларымен бөлісіп, ағымдағы қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру жүйесі, қызметкерлерді оқыту және ынталандыру жүйесін ұсынды.

«Адал» ТҚҚҚБ президенті Артық Сейітқалиева мәселеге қатысты өз көзқарасын ұсынды. Артық Жұмағұлқызы өз сөзінде тұтынушылардың өтініштерінің негізгі себептері, сот талқылауларында туындайтын мәселелер, тұтынушылардың өз құқықтары туралы аз ақпараттандырылуы және олардың заңды әлсіз түсінуі туралы айтты. Сейітқалиева ханымның пікірінше, тұтынушыларды ақпараттандырумен қызмет көрсетуді ұсынушылар айналысуы тиіс. Тұтынушы өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де білген кезде, бұл өз кезегінде даулы жайттардың жиілігін азайтады.

Баспасөз-мәслихаты қорытындысы бойынша, тараптар тұтынушылардың талап-тілектерін мен арыз-өтініштерін шешу ісінде ынтымақтастыққа, соның ішінде тұтынушылардың арыздарына уақтылы жауап беру үшін ұйымдар арасында коммуникацияның қысқартылған үлгісін қалыптастыруға келісті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel