RU

Ғалымдар қартаюды барынша тежеудің жолын ойлап тапты

Жасушалардағы анеуплоидия хромосомаларының дамуын тоқтату арқылы қартаюдың алдын алуға болады. Португалия университетінің ғалымдары осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар

Ғалымдар орта жастағы адамдарда, қариялар мен жаңа туған сәбилерде бөлінетін фибробласт жасушаларына анализ жүргізген.

Нәтижесінде адамның жасы ұлғайған сайын ағзадағы Forkhead box M1 ақуызының бүлінетіні белгілі болды. Бұл ақуыз жасушалардың бөлінуіне жауап беретін гендердің белсенділігін реттеп отырады.

Осы ақуызды жасанды жолмен көбейту, хромосомалар санын азайту және қартаю маркерлерін төмендету арқылы адамдардың белгілі бір деңгейде жасаратыны анықталды.

Ғалымдардың айтуынша, олардың зерттеу жұмысының нәтижесі Forkhead box M арқылы қартаюмен күресу әдістерін ойлап табуға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718159-galymdar-kartaudy-barynsa-tezeudi-zolyn-ojlap-tapty.html