RU
«Бақытты әйел» бағдарламасының жүргізушісі өзінің қателіктерін мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

«Бақытты әйел» бағдарламасының жүргізушісі өзінің қателіктерін мойындады

Рассказать Вконтакте

«Бақытты әйел» бағдарламасының жүргізушісі Мақпал Қаратай өмірінде жіберген қателіктерін мойындады. Ол бұл жайында Instagram парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақпал Қаратай. Фото: Instagram

Мақпал Қаратай. Фото: Instagram

«Ешкімге ақыл айтқым келмейді. Өзіме ақылшы керек», - деген тележүргізуші әлеуметтік желіде жиі жазатын оқырмандарымен ой бөлісті.

«Сіздерге өзімнің қателіктерімді жазайын. Маған «қандай ақылдысыз, сіз қателеспейтін шығарсыз» деген xаттар жиі келетін болды. Сенесіздер ме, күн сайын қателесемін. Тек өлген адам ғана қателікке бой ұрмайтын шығар. Жас кезімде «біреу келіп басыма бәрін үйіп-төгіп бере салса» деп қателестім.
«Шіркін-ай, байлар байлығын бөліп берсе» деп адасқанмын. Бертіндеу келе «үлде мен бүлдеге орамадың» деп, күйеуімді күстаналадым. «Неге дәулетім асып-тасымады» деп өзімді-өзім аямадым. Қасымдағы құрбыларыма қарап, олар таққан жаhұтты мен де таққым келді, олар киген тонды мен де кисем деп армандадым», - деп қателіктерін мойындады ол.
Мақпал Қаратай. Фото: Instagram

Мақпал Қаратай. Фото: Instagram

Адам шын мәнінде бақытсыздықты адам өзіне-өзі тілеп алатынын айтқан Мақпал Қаратай «байлық-бақыт» емес деген тұжырымға тоқтаған.

«Бақыттың кілті-байлықта деп адастым. “Жақсы үй алайын, жақсы көлік мінейін, сосын жадырап, жарқырап жүремін» деппін. Қазір дода-додам шығып, тек ақша табудың соңында жүрген өзімді елестетіп, жаным ашып кетеді. Құшақтап алып, «есіңді жи, ең бақытты сәттерің дәл қазір өтіп жатыр» деп айғайлар едім.
Қыздар айналайындар, біреудің өміріне ешқашан қызықпаңдаршы. Дәулет келер, кетер, ең басты байлық-отбасымыз, бала-шағамыздың амандығы. Қара нан қара су ішсек те, бақыттан басымыз айналып, қуанышымыз қойныма сыймай жүрсінші. Әрбір күніміздің амандығынан асқан не бар? Сол кезде береке де, молшылық та бізді айналып табады», - деп сөзін түйіндеді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
1
3
29
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel