RU
Сауранбаев оқушысы асылып өлген мектеп директорын жұмыстан қумақшы
Жаңалықтар Қоғам

Сауранбаев оқушысы асылып өлген мектеп директорын жұмыстан қумақшы

Рассказать Вконтакте

Оңтүстікте жыл басынан бері жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 9 оқиғасы тіркеліпті. Оның төртеуі Шымкентте орын алған деп жазады "Жас Алаш".

Шымкентте

Облыс орталығында асылып қайтыс болған 11 сынып оқушысының өлім алдындағы хаты табылған болатын. Онда ол мектепте әлімжеттік жасауға қатысы бар деген бірқатар оқушылардың аты-жөндерін жазып қалдырған көрінеді.

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қоғамдық кеңестің отырысында оқушылар арасындағы осы суицид оқиғаларына қатысты пікірін білдірді.

"Соңғы екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үлкендердің кішілерге әлімжеттік жасап жүргенін арнайы инспектор, мұғалімдер, директордың білмеуі мүмкін емес,- деді шаһар басшысы.

Сауранбаев алдағы уақытта оқушының суцидке баруы жоғары сынып оқушыларының кішілірге әлімжеттік көрсетуімен, ақша жинауы сияқты жәйттармен байланысты болса, онда мектеп директорының қызметімен хош айтысатынын мәлім етті.

"Қазір екі жағдай бойынша мектеп басшыларына ескерту бердік. Келесі жолы бірден қызметінен босатылады",- деді Нұрлан Сауранбаев.\

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
2
1
4
3
3
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel