RU
Ата-анасына жүрекжарды сөз арнаған Қайрат Нұртас елдің жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ата-анасына жүрекжарды сөз арнаған Қайрат Нұртас елдің жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

Күні кеше 29 жасқа толған Қайрат Нұртастың еліміздің белгілі тұлғаларыны, ата-анасы жекеменшік мерекесімен құттықтады. Ал осы күні әнші ата-анасына алғыс айтып, жүрекжарды сөздерін арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: qostanay.tv

Қайрат Нұртас. Фото: qostanay.tv

Ол өзінің Instagram парақшасында «Анашым! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді- ол менің анам! Анашым мені дүниеге алып келгеніңізге, сіздің ұлыңыз болғаныма Аллаға мың да бір шүкір! Сіздің алдыңызда қарыздарымды ешқашан өтей алмаспын! Маған деген маxаббатыңызды, қамқорлығыңызды дүниеге келген күннен сезініп келем. Қаншама қателігімді кешіріп, жоғымды жасырып, барымды асырып, мен үшін отқа да, суға да түстіңіз. Менің әрбір жетістігім- ол Сіздің еңбегіңіз», - деп анасының еңбегіне баға жетпейтінін жеткізді.

Сондай-ақ ата-анасына берген тәрбиесі мен қамқорлықтарына алғыс білдірді.

«Әкем екеуіңіз маған дұрыс тәрбие бергендеріңізге алғысым шексіз. Ананың, әкенің, бауырдың, баланың, xалықтың қадірін білуді Сіздерден үйрендім. Жаратқан Сіздерге жәннәтты бұйыртсын! Анашым! Әкешім! Мен Сіздерді шексіз сүйем! Алладан амандықтарыңызды, ұзақ өмір сүрулеріңізді сұраймын! Әрбір ренжіткен сөзіме, көңілдеріңізге қаяу түсірген күндеріме кешірім сұраймын», - деп жазбасын аяқтады әнші.

Ал оқырмандар Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековке халықтың ұлын тәрбиелегендеріне алғыс білдіріп, әншіні туған күнімен құттықтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір