RU
Астанада әккі алаяқтар құзырлы органда істейтін адамның өзін сан соқтырған
Жаңалықтар Қоғам

Астанада әккі алаяқтар құзырлы органда істейтін адамның өзін сан соқтырған

Рассказать Вконтакте

Елородада елімізге танымал банктің қызметкерімін деген алаяқ, тұрғынды ақша аударуға көндіріп, артынша телефонын сөндіріп, «ізім-ғайып» жоқ болған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Астанада әккі алаяқтар белгілі банктың атын жамылып, тұрғынды алдап соққан

Астанада әккі алаяқтар белгілі банктың атын жамылып, тұрғынды алдап соққан

NUR.KZ редакциясына өзін Тұрар (авт. аты-жөні азаматтың өтінішімен өзгертілді) деп таныстырған азамат, өзінің әккі алаяқтардың қалай құрбаны болғанын айтып берді. Елордалық тұрғынның сөзіне сенсек, олар елімізге белгілі банктің атынан хабарласып, оны ақша аударуға көндірген екен.

«Оқиға осыдан бір-бір жарым жыл бұрын болған еді. Бұрындары белгілі банктен несие алып, телефон сатып алған едім. Бірақ, төлемді уақтылы төлей алмай, банктің «қара тізіміне» енгенмін. Бірақ, жұмысқа тұрған соң, қарызымнан толыққанды құтылғанмын. Содан бір күні, сол банктің өкілімін деп хабарласқан әлдекім, маған «қара тізімнен шыққыңыз келе ме?» деп қоңырау шалды. Әрине, ойымда түк жоқ, «сол тізімнен шығарсаңыздар керемет болатын еді» деп, менеджердің (авт. алаяқ өзін солай деп таныстырған) айтқан мекен-жайына, банктің басты кеңсесі орналасқан жерге бардым. Сосын әлгі нөмірге хабарласып, келгенімді айттым.
Бірақ, тұтқаны алған адам, «менеджер қыздың» бос емес екенін айтып, маған терминалға барып, өзі айтқан номерге ақша салуымды өтінді. Қанша аудара аласыз, сол сома болады деді. Қандай да бір арам ойсыз, ақшаны аудардым да жібердім. Сөйтіп, телефоныма жасырын пароль келді. Әлгі алаяқтар сол құпия парольді сұрап қайта хабарласты, оны тек мен білуім керек, айтпаймын дегенім сол еді, олар әйеліме қоңырау шалып, содан біліп алыпты. Өзім ішкі істер органдарында қызмет ететін адаммын, сонда да айлакер алаяқтар мені алдап кетіп тұр ғой", -деп әңгімелеп берді тұрғын.

Сонымен бірге, ол құзырлы орган мен банкке аталған мәселеге қатысты арыз жазғанымен, онысынан түк шықпағанын мәлімдеді.

«Банкке де, ІІД-не арыз жаздық, бірақ өкінішке орай нәтиже жоқ. Алаяқтарды сол күйі таба алмадық. Мәселе ақшада да емес, тек әлгіндей адамдардың мен жайлы ақпаратты қайдан білетініне таңғалдым. Олар тіпті, менің төлқұжатымдағы жеке сәйкестендіру нөмерін де біліп алған. Сондықтан, ел тұрғындарына айтарым, осылай қоңырау шалып, қандай да бір әрекетке мәжбүрлейтін адамдардан, бейтаныс жандардан сақ болсаңыздар деймін. Әйтпесе, мен сияқты алаяқтардың құрбаны болмайтындарыңызға кім кепіл?", - деп сөзін қорытындылады азамат.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel