RU

Шымкенттік олигархқа қымбат торт әзірлеген аспаз тағы бір шедеврімен таңғалдырды (фото, видео)

Шымкенттік олигархтардың тойына алып торт әзірлеген аспаз музыка тақырыбында тағы бір торт дайындап, жұртты таң қалдардырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Ринат Ағзамовтың желідегі парақшасынан алынды
Фото: Ринат Ағзамовтың желідегі парақшасынан алынды: UGC

Ол бұл туындысының суреттерін өзінің Instagram парақшасына жүктеген. Ғажайып торт авторы жазбада аталған тақырыптағы тортта алғаш рет әзірлегенін жазған.

"Музыкалық тақырыптағы тортты бірінші рет дайындауым. Көргендеріңіздей, ондағы алып рояль де шоколадтан әзірленген. Бұған қоса, біз әр мейманға арнап 750 тақырыптық десерт жасадық. Осындай қызық тақырыптағы тортқа тапсырыс берген клиенттерге мың алғыс. Жаңа туынды жасау – біз үшін үлкен мәртебе", - деп жазба қалдырған автор.

Айта кетейік, Ринат Ағзамов бұған дейін шымкенттік олигархтың балаларының тойына қымбат торт дайындаған еді.

Аталған оқиға біршама уақыт бұрын көпшіліктің қызу талқысына түскен-ді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1719025-symkenttik-oligarhka-kymbat-tort-zirlegen-aspaz-tagy-bir-sedevrimen-tagaldyrdy-foto-video.html