RU
Күйеуінен қашып кеткен үш балалы әйелдің жағдайына жұрт алаңдап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуінен қашып кеткен үш балалы әйелдің жағдайына жұрт алаңдап отыр

Рассказать Вконтакте

31 жастағы қырғыз азаматшасы Жамиля күйеуінің үздіксіз соққысынан шаршып, үш баласымен Бішкек қаласына қашып кетті. Жолдасының ішімдікке әуестігі мен қол көтеруі таусылмайтынын түсінген әйел балаларымен жаңа өмір сүруге шешім қабылдаған деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaktus.media

Фото: kaktus.media

Алайда жаңа өмірде де қиыншылықтарға тап болған әйел енді басқалардан көмек сұрауға мәжбүр.

Бішкек қаласына көшіп келгеніне екі жыл өткен Жамиляның жағдайы қазір мәз емес. Ұзақ уақыт бойы тұрып жатқан пәтерге ақшаны анасы беріп тұрған. Ал соңғы 2 ай қаражат жіберуді тоқтатыпты.

Оған себеп – туған сіңлісінің де күйеуден қайтып келуі. Оның үстіне «мама да, мен де ауырып жатырмыз, ақша да аз», - деп налынған сіңлісінің әңгімесінен кейін Жамиля олардан қаржы сұрауды қойды.

Тағдыр талқысына түскен әйел жұмыс істеп жүрген кезінде де тапқан ақшасы үш баланы асырауға жетпеген. Енді соңғы кезде ұлының жиі ауырып қалуына байланысты жұмысты да тастады.

Киім-кешек былай тұрсын, азық-түлікті санап алып жүрген жалғызбасты ана балаларының әкесінен мүлдем көмек көрмейтінін айтты.

Ұзақ созбалаумен жүріп алған жолдасы ақыры заңды некеге де тұрмаған. Сәйкесінше, ақша төлемеуге де құқылы.

Бүгінгі күні Жамиляның бар уайымы – балалары. Олардың ештеңеден тапшылық көрмей, өзі алмаған білімді алып нағыз сауатты азамат ретінде қалыптасуы аналарының ең асыл арманы.

Ол үшін әйел "бар күшімді саламын" деп сендірді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
9
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір