RU
Кішкентай балаларына үйлену той жасаған сығандар Ресейді дүрліктірді
Жаңалықтар Әлемде

Кішкентай балаларына үйлену той жасаған сығандар Ресейді дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Новосибирскте сауда орталығына келген адамдардың назарын той көйлегімен жүрген қыз бірден аударған. Қалыңдық қасына жақындап келген көпшілік кішкентай күйеужігітті көргенде тіпті таңданыстарын жасыра алмаған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Тойды жасап жатқандар сығандар екені белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, үйленіп жатқан бала небәрі 11 жаста болса, қалыңдығы өзінен әлдеқайда үлкен 14 жасар қыз болып шықты.

Бұл оқиға интернет қолданушылар арасында бірден қызу талқыға түсті. Көбісі өз наразылықтарын білдірумен қоса, жағымсыз пікірлерін бірінен соң бірін жаудырды.

Новосибирск облысының ІІМ басқарма төрағасының мәлімдеуінше, интернет желісін шулатқан тойға қатысты тексеріс белгіленген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Заңгерлердің тұжырымына сәйкес, дабыл қағып, тексеріс жасауға толық негіз бар. Бұл тұрғыда, екі баланың некесі қалай тіркелген деген сұрақ туындайды.

Сығандар өз дәстүрлеріне сай некелерін қиғанымен, заң бойынша кәмелетке толмаған балалардың некеге тұра алмайтыны өзгермейтін факт.

Сіздің реакцияңыз
4
7
6
1
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel