RU
Ұзын-сонар кезек, айқай-шу: Исекешевтің есептік кездесуі немен есте қалды? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ұзын-сонар кезек, айқай-шу: Исекешевтің есептік кездесуі немен есте қалды? (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тұрғындар алдында есеп беріп, қала халқының сынының астында қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұзын-сонар кезек, айқай-шу: Исекешевтің есептік кездесуі немен есте қалды?

Ұзын-сонар кезек, айқай-шу: Исекешевтің есептік кездесуі немен есте қалды?

Еліміздің әр аймағында жыл сайын өтетін ауқымды жиын бүгін елорда – Астанада да өтті. Бұрынғы Конгресс холл, қазіргі «Астана» концерт залына лек-легімен ағылған жұрттың санында шек болмады. Олар залға жайғасып, кездесудің «сұрақ-жауап» бөлімін тағатсыздана күтумен болды.

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Айта кетерлігі, биыл әкімдік аталмыш жиынға қызу дайындалған іспетті. Олар тұрғындарға арналған тамақтану орындары мен су ішетін жерлер бар екенін айтты. Сондай-ақ, биылғы жылы әкімге сұрақ қою үрдісі де ерекше болды. Қала халқы шаһар басшысына сауал жолдау үшін, арнайы талон алып, кезекке тұрды.

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған премьер-министрдің орынбасары Асқар Мәмин, елордада 2017 жылы атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылап, астаналықтарға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне қатысты қысқаша баяндама оқыды.

Осылайша, Мәминнен кейін сөз алған қала әкімі Әсет Исекешев, елордалықтардың көкейінде жүрген көптеген түйткілді мәселелерге тоқталды. Олардың арасында Астананы көк түтіннен арылту, қаладағы «Гранд Астана» тұрғын-үй кешенінде орын алған жеделсаты оқиғасы, тұрғындарды баспанамен, бөбектерді балабақшамен қамту сынды келелі мәселелер бар.

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Қала басшысының баяндамасынан бөлек, жиналған халыққа әкімдікпен әзірленген слайд та таныстырылды. Онда елорданың 2017 жылғы әр саладағы даму көрсеткіші көрсетілді. Десе де, презентация жасаушылар, ондағы грамматикалық қателіктерге баса мән бермеген сыңайлы. Мәселен, «общественная транспорт» деген мына жазбадан қосымшалардағы қателікті айқын көруге болады.

Халыққа әкімдікпен әзірленген слайд

Халыққа әкімдікпен әзірленген слайд

Бір қызығы, бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған әкімнің есебінен мезі болған тұрғындардың арасында қалғып, ұйықтап кеткендер де болды.

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Ал, әкім болса, баяндаманы қазақ және орыс тілдерінде оқып, стақандағы суды қайта-қайта ішумен .

Әсет Исекешев

Әсет Исекешев

Десе де, «қызықтың» бәрі кездесудің «сұрақ-жауап» кезеңінде басталды. Залдың балконында тұрған бір топ үлескер сахнадағы атқамінерлердің сөзін құлаққа ілмей, олардың сөздерін бөліп әлек болды.

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Әкімнің сөзіне құлақ аспаған тұрғындарды кездесу қатысушылары да сабырға шақырды. Алайда, олардың сөзін ілген үлескерлер болмады, олар кездесу біткенше, балконнан айғайлап, жиынның берекесін кетірді. Ашулы тұрғындарға басу айтушылардың қатарында белгілі ақын Несіпбек Айтұлы да бар. Ол «халықты сыйлайық, шу шығармаңдар!» деп қолына микрофон алып, басу айтты.

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Исекешевтің есебін тыңдауға келген халық

Ал тұрғындарды жеке қабылдаймен деп уәде берген Исекешевті, ашынған халық, тіпті таптап кете жаздады. Сынның астында қалған әкімді әкімдік қызметкерлері әрең дегенде залдан алып шықты.

Исекешевтің есебі

Исекешевтің есебі

Жиын соңында, қала әкіміне «кіре алмаймын, кезек көп» деген астаналықтар біртіндеп у-шусыз тарқаса бастады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір