RU
Атырау облыстық прокуратурасы үздіктердің ата-анасына алғыс білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Атырау облыстық прокуратурасы үздіктердің ата-анасына алғыс білдірді

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды.

Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде елбасы тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударылған өзге ұлттарға қамқор болған қазақ халқының дархан мінезін алға тарта отырып, 1 наурыз Алғыс айту күнін атап өту ұлттар достастығының белгісі ретінде көрсетті.

Бұл дәстүрдің түпкі мағынасы – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан алшақ болуды тілеу.

Елбасымыздың да «Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі түйіні нарықтық экономика заманында ұлтымыздың өз мәдениетін, дәстүрін қайта түлете отырып бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру болатын.

Бір сөзбен айтқанда елдегі басталған ауқымды жобалар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне бағытталуы тиіс.

Осы орайда, президентіміздің идеясын қолдау мақсатында прокуратура органдары да елімізде құқықтық тәртіпті нығайтуда өз үлесін қосып келеді.

Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет басшысының қолдауымен прокуратура құқық қорғау жүйесінің басты институты, сондай-ақ заңдылықты нығайтудың, адам, қоғам және мемлекет құқықтарын қорғаудың құралы ретінде танылды.

Атаулы күні жаста кәрі де бір-бірінен кешірім сұрап, алғыс айтуы елдігіміз бен бірлігіміздің жемісі деп білеміз.

Осыған орай, өз қызметтерін адал атқарған Атырау облыс прокуратурасының 10 қызметкерінің ата-аналарына саналы тәрбие, сапалы білім бергендері үшін басшылық атынан алғыс білдірілді. Бұл қадам жас мамандарды жетістікке жетелейтіні сөзсіз.

Ернат Сыбанқұлов, Атырау облысының прокуроры

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel