RU
Ауа райы болжамы: Наурыз айында елімізде күн жылына ма?
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Наурыз айында елімізде күн жылына ма?

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК синоптиктері наурыз айындағы ауа райына консультативті болжам жасады.

Наурыз айында қандай ауа райы күтіледі?

Наурыз айында қандай ауа райы күтіледі?
Source: UGC

"Бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің еуропалық аумағынан ығысатын суық антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытады. Республиканың кейбір ауданында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін", — делінген хабарламада.

Ауа температурасы солтүстікте түнде —20…-28 градус аяз, күндіз —10….-18 дейін; оңтүстікте түнде 0…8 градус, күндіз 0…5 градус жылы болады.

Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік циклонға байланысты еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын (қар) болады, ауа температурасы жоғарылайды.

"Осылайша ай бойы көктемгі жылу қара суықпен бірнеше рет алмасып отырады. Екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басы мен соңында суық болады деп болжанып отыр", — дейді синоптиктер.

Наурыз айындағы орташа ауа температурасы нормадан 1…2 С жоғары болады деп болжануда. Тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде қалыпты нормаға жақындайды.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстарында және Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп болжанып отыр.

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
1
13
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel