RU
Күндердің сұлтаны - Жұма туралы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Күндердің сұлтаны - Жұма туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Аптаның бесінші күні тек қазақ халқы үшін, иісі мұсылман қауым үшін ерекше күн. Жұмаға дайындықты барша мұсылман бейсенбі күні түстен кейін бастайды. Олай болса қасиетті жұма туралы қызықты деректерді comode.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Көрнекі фото:comode.kz

Көрнекі фото:comode.kz
Source: UGC

1. "Жұма" араб тілінен аударған кезде аптаның бесінші күні деген мағынаны білдіреді.

2. Қазақ тілінде "апта" сөзінің синонимі ретінде "жұма" деген сөз жиі қолданылады.

3. Әр жұма күні дәстүрге берік қазақ халқы – жеті шелпек пісіреді. Өлгендерді еске алып, Құран оқытып, көршілерін асқа шақырып, шелпек таратады. Алайда, жұма күні шелпек пісіру ислам дінінің бір шарты болып саналмайды.

4. Жұма мұсылмандар үшін ерекше мереке болып саналады. Бұл күні барлық мұсылмандар мешітке барып, имамның уағызын тыңдап, жұма намазына қатысады. Айтпақшы, имам уағыз айтқан кезде адамдардың өзара дауыстап сөйлесуіне болмайды. Әйелдер үшін жұма намазды үйде оқығандары үлкен сауап болып есептеледі. Жұма намазына дейінгі дайындыққа да ерекше мән берген. Олар міндетті түрде толық тазаланып, ғұсыл дәретін алған. Ғұсыл дәреті дегеніміз - денемізде ине шаншырдай бос орын қалдырмастан су тигізу, шомылу. Тазаланып болған соң тырнақтарын, сақалдарын алып, шаштарын ретке келтіреді.

5. Жұма мейірімділік пен қайырымдылық күні болып есептелгендіктен, осы күні көп садақа беріп, мұқтаж жандарға көмектескен абзал.

6. Діни ақпараттарға сүйенсек, Алла Адам атаның жұма күні жаратып, жұмаққа жұма күні кіргізіп, жұмақтан дәл осы күні қуған. Жерге де Адам атаны түсірген күні, және кері алған күні аптаның бесінші күні екен.

7. Қазақ ырымы бойынша жұма күні қандай да бір той: беташар, үйлену той, неке немесе тұсаукесер секілді қуаныштар сәйкес келсе жақсылықтың нышаны деп саналады.

8. Қазақ тілінде жұмамен байланысты әйелдің де, ердің де есімдері бар: Жұмагүл, Жұмахан, Жұмабек, Жұмабай және т.б.

9. Айдың 13-ші жұлдызы жұма күнімен сәйкес келсе де қазақ халқы үшін ешқандай да қорқынышты күн болып табылмайды.

10. Және жұма күні күліп жүріп, көп амандасуды да ұмытпаңыздар. Айналасына қуаныш сыйлаған адамның бұл күні несібесі көп болады деген қағида да бар. Жұма құтты болсын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
4
25
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel