RU
Адам өлген соң ағзасында болатын 13 өзгеріс қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Адам өлген соң ағзасында болатын 13 өзгеріс қандай?

Рассказать Вконтакте

Өлім – тірі ағзаға қажетті барлық биологиялық процестердің тоқтауы. Қазіргі кезде биологтар өлімді бір сәтте орын алатын жағдай емес, процесс ретінде қарастырады. Ғалымдар бұрын өлімнің белгісі деп санаған нәрселерді қазір кері қайтаруға да болатынын айтуда деп хабарлайды Islam.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қазіргі кезде биологтар өлімді бір сәтте орын алатын жағдай емес, процесс ретінде қарастырады. Бұрын жүректің тоқтауы -клиникалық өлім деп саналған болса, қазір оны кері қайтаруға болатыны анықталды.

Жалпы алғанда, біреуді өлді деп нақ шешім қабылдауға клиникалық өлім жеткіліксіз. Дәрігерлер науқастың жүрегі мен өкпесі жұмыс істеп тұрып, бірақ, миы өлсе, ол адамды заңды түрде өлді деп жариялай алады.

Төменде өлімнен кейін біздің ағзамыздың қандай күй кешетіндігі берілген:

1. Мидың белсенділігі күрт артып, содан соң ол өледі.

2. Дененің температурасы сағатына 1.6 градусқа төмендеп, ақыр соңында бөлме температурасына жетеді.

3. Дене жасушалары оттегінің жеткіліксіздігінен өле бастайды, содан соң ыдырайды. Шіру процесі басталады.

4. Бұлшық еттерге кальций жиналып, ширықтырады. Мұндай ширығу шамамен 36 сағатқа созылады.

5. Кенеттен бұлшық еттер босаңсып, денеден несеп немесе нәжіс қалдықтары шығады.

6. Денедегі тері құрғап, жиырылады да, содан шаш пен тырнақ өсіп жатқандай көрінеді.

7. Гравитация (жер тартылысы) адамның қанын төменге тартады. Содан денедегі тері бозарып, қызғылт дақтар пайда болады.

8. Содан соң тері жасыл реңді болады. Себебі, ас қорытатын органдардағы ферменттер бактериялардың көмегімен өз-өздерін қорыта бастайды.

9. Адамның денесінен жаман иіс шығады. Өйткені, шіріп жатқан ағза путресцин және кадаверин сияқты химиялық заттарды бөліп шығарады.

10. Денені жәндіктер жей бастайды. Дернәсілдер бір аптаның ішінде денедегі ұлпалардың 60 пайызын жоя алады.

11. Дененің терісі өңсізденеді, содан соң қараяды, себебі, бактериялар денені үздіксіз құртумен болады.

12. Шаш түсе бастайды.

13. Адамның денесінің айналасындағы температура ең кем дегенде 10 градус жылы болса, шамамен төрт айдың ішінде дененің жұмсақ ұлпаларының ыдырайтындығы соншалық, адамның тек қаңқасы ғана қалады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
13
61
4
21
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір