Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоколадтың ешкім ойлап көрмеген пайдасы белгілі болды

Опубликовано:

Американдық ғалымдар шоколад пен ақ және қызыл шарап құрамында болатын химиялық заттар - адам ағзасының вирустық аурулармен күресуіне көмектесетінін анықтады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: turupupu.ru
Фото: turupupu.ru: UGC

Зерттеушілер жүзім мен какаоның құрамынан "ресвератрол" деп аталатын химиялық бірігу элементін анықтаған. Ол өз кезегінде антивирустық қызмет атқаратын көрінеді. Бұл туралы мақала MedialXpress журналында жарияланыпты.

Мамандар аталмыш заттардың құрамын тексеру барысында ресвератролды қаны шешек вирусымен зақымданған адам клеткаларына салып көрген. Белгілі болғандай, аурудың алғашқы кезеңінде бұл қоспа вирустардың көбеюін тоқтатқан.

Сондай-ақ британдық ғалымдар ресвератролдың қартайған клеткаларды жасартуға көмектесетінін де дәлелдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1719997-sokoladty-eskim-ojlap-krmegen-pajdasy-belgili-boldy/

pixel