Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда кішкентай бала қайнап тұрған сүтке оңбай күйіп қалған

Опубликовано:

Қарағандыда дәрігерлер сүтке күйіп қалған баланы құтқарып қалды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда кішкентай бала қайнап тұрған сүтке оңбай күйіп қалған
Қарағандыда кішкентай бала қайнап тұрған сүтке оңбай күйіп қалған: UGC

Ведомствоның баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, денесінің 65%-ын күйік шалған бүлдіршіннің үстіне қайнап тұрған сүт төгілген.

«Анасының сөздерінше, баланың үстіне ыстық сүт құйылып кеткен. Соның салдарынан баланың арқасын, қолын, тізесін күйік шалған. Мұндай жағдайда баланың тірі қалуы өте қиын», - деді ол.

10 рет ота жасаған дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды. Ол үйіне қайтарылған, бірақ оған пластикалық ота жасау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1720472-karagandyda-kiskentaj-bala-kajnap-trgan-stke-obaj-kjip-kalgan/

pixel