RU
Алматыда жас жігітті қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші қолға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жас жігітті қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші қолға түсті

Рассказать Вконтакте

5 наурыз күні түнде Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні көлігімен қағып өлтіріп, өзі оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Алматыда жас жігітті қағып өлтіріп, қашып ктекен жүргізуше қолға түсті

Алматыда жас жігітті қағып өлтіріп, қашып ктекен жүргізуше қолға түсті

Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі басшысы Ерік Насырбековтың айтуынша, күдіктіні камерадағы жазба арқылы ұстау мүмкін болған.

"Видеодан көліктің қара түсті екені анықталды. Осындай түсті көліктердің барлығын тексердік, видеобақылау камераларының арқасында көлікті таптық. Күдікті анықталды. Сол маңдағы жекеменшік тұрақтардың бірінен жол апатына ұшыраған қара түсті Toyota Camry тұрды: терезесі сынған", - деді Ерік Насырбеков.

ІІД Жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімі басшысының айтуынша, көлік табылған соң оның иесі де табылды. Жүргізушінің 1985 жылғы екені анықталды. Ер адам бастапқыда жол апатын жасағанын жоққа шығарған, бірақ кейіннен барлығын мойындаған.

"Олар кафеден шықты, мас болды, тоқтап үлгермедім. Қорқып, оқиға орнынан кетіп қалдым", - деді ер адам полициядағыларға.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сараптама жүргізушінің мас болмағанын көрсеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel