Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауысы Мәдина Ералиевадан айнымайтын үржарлық келіншек елді елең еткізді (видео)

Опубликовано:

Осыдан біраз жыл бұрын өмірден өткен қазақтың Ақбаяны Мәдина Ералиева сияқты ән шырқаған келіншектің видеосы желіде тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдина Ералиеваның дауысымен ән салатын үржарлық тұрғын елді елең еткізді (видео)
Мәдина Ералиеваның дауысымен ән салатын үржарлық тұрғын елді елең еткізді (видео): UGC
Видеода үржарлық келіншектің «Күрең күз» әнін Ералиевадан айнытпай шырқап тұрғанын байқауға болады.

Әзірге видео кейіпкеріне қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

Тек мейрамханалардың бірінде тамылжыта ән орындаған әйелге бәрі тамсана қарап қалған. Сондай-ақ, әуенге елтіген мейрамхана қонақтары вальс билеп жүр.

Айта кетейік, еліміздің Ақбаяны Мәдина Ералиева 2000 жылы жол апатынан қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720567-dauysy-mdina-eralievadan-ajnymajtyn-rzarlyk-kelinsek-eldi-ele-etkizdi-video/

pixel