Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Қоңыр: Ашаға ойыма келген нәрсені сыйлай саламын

Опубликовано:

Отандық танымал жұп Аша Матай мен Арман Қоңыр жыл сайын бір біріне деген ерекше сыйлықтарымен елді таң қалдырып келеді. Биылғы жылы Арман сүйіктісіне қандай сыйлық беретіні туралы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Арман Қоңыр: Ашаға ойыма не келсе, соны сыйлаймын
Арман Қоңыр: Ашаға ойыма не келсе, соны сыйлаймын: UGC
«Бұл жолы мен ешқандай сыйлық дайындаған жоқпын, себебі мен концертте боламын. Сегізі күні келемін, сол кезде аяқ астынан ойыма не келеді, соны аламын», - деді әнші.

Сонымен қатар Арман ең бастысы Ашаның алдында бір сыйлықты қайталағысы келмейтінін атап айтты.

Биыл сыйлық туралы ешқандай жоспар құрмаған ол: «Тіпті Ашаға не керек екенін де білмеймін», - деп сөзін аяқтады.

Айта кетейік, жақында Арман әйелінің туған күніне ұялы телефон сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1720586-arman-koyr-asaga-ojyma-kelgen-nrseni-syjlaj-salamyn/

pixel