RU
Заттыбек Көпбосынұлы өзін елге қарабет қылған сазгерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Заттыбек Көпбосынұлы өзін елге қарабет қылған сазгерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Жыл басында Ержан Тұрсын есімді әуесқой сазгер Заттыбекке өзінің авторлық әнін ұсынып, кейін алданып қалғанын айтып, ғаламторды дүрліктірген еді. Араға уақыт салып NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Көпбосынұлы жұрттың алдында өзіне жала жапқан композиторға жауап берді.

Заттыбек өзін елге қарабет қылған сазгерге жауап берді

Заттыбек өзін елге қарабет қылған сазгерге жауап берді

«Сенсеңіз мен ол жігітті бетбе-бет әлі көрген жоқпын. Ол әннің шыққанына төрт жылдан асып кетті. Біріншіден ол төрт жылдан кейін жігіттік қадам жасап тұрған жоқ негізінде. Екіншіден, ол ән арқылы арамызда ешқандай сауда болған жоқ. Мен ойладым оған пиар керек болды деп. Оған хабарласып, дауласқан да жоқпын. Өйткені екеуміздің арамызда болған әңгімеге бір Алла ғана куә. Содан кейін біздің ортақ әрі таныс азаматтар бар, керек десеңіз. Осы әнді Заттыбек ағаңа бер деген адамдар да бар негізі. Сондықтан ол әңгімеге аса бір басымды ауыртқан жоқпын. Шынын айтқанда әңгімені көбейткім келмеді», - дейді Заттыбек.

Жас сазгер Ержан Тұрсын сұхбатында: «Заттыбек уәдені үйіп-төгіп, кейін телефонын көтермей, алдап кетті» - деп айтқан еді. Бірақ той "королі" бұл ақпараттың жалған екенін жеткізді.

«Алдап кетті деп айтқан екен. Мен алдап, қашып кеткен жоқпын. Жүрмін ғой осында. Алдап кетті деп, қандай жағдайда айтуға болады? Мәселен, екеуміздің арамызда келісім-шарт болып, мен ақшасын бермей, төлемей қойсам алдап кетті деп айтуға болатын шығар. Ең болмаса ауызекі сөйлесіп, келіссек те алдап кетті деп айтуға болатын шығар. Мен ол жігітпен жолыққан да жоқпын ғой», - дейді Көпбосынұлы.

Бүгінде Заттыбек ту сыртынан жағымсыз пікір таратқан бейтаныс композиторға өкпелі. Тіпті әнші жанжалдасқан жігіттің бұл қылығын адамгершілікке балап отырған жоқ.

«Әрине, реніш деген бар. Үлкен дауға айналдыратындай жағдай емес негізі. Еркекке тән, азаматқа тән мінез, қасиет көрсетіп тұрмағаннан кейін әрине ренжисің. Неге атына сай, азаматқа сай тірлік істемейді екен жігіттер? Кішкентай ғана елміз ғой. Егер мен айтқан болсам «Аға, мен сіздің осыдан төрт жыл бұрын айтқан уәдеңізді күтіп жүрмін» - деп келу керек қой. Тауып алуға болады ғой. Немесе ортақ таныстар арқылы тауып алуға болады ғой. Телеарналарды қосып, алдап кетті деп шағымданып баратындай ол жігіт өзінің деңгейін сол жерде көрсетіп қойды. Барлығын бір Аллаға тапсырдым. Ол жігіт мұндай қылығымен ұзаққа бармайды», - деп сөзін түйіндеді әнші.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
3
2
2
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel