Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсекте түрік актерін армандайтын әйел гей туады деген имам елді шулатты

Опубликовано:

"Мирза Юсуф" деп аталатын Ташкент мешітінің бас имамы жұма намазы кезінде түрік фильмдері өзбек ұлтының тегін құртады деп мәлімдеді деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Төсек қатынасы кезінде көздерін жұмып, өз күйеуін емес, сымбатты түрік актерлерін қиялдап жататын әйелдерден гейлер туады", - деп мәлімдеді имам Рахматулло Сайфуддинов.

Бұл мәлімдеме жергілікті БАҚ тарапынан да насихатталған еді. Насихат жұмыстары түрік сериалдарына қарсы шара аясында жасалған. Ал өткен айда ZO’RTV арнасы "Қара Севда" телехикаясының көрсетілімін тоқтатуға мәжбүр болған.

БАҚ-ты бақылау орталығы бұл сериалды ұлттық менталитет пен дәстүрлерге сай келмейтін, отбасы құндылықтарына нұқсат келтіретін телехикая деп таныған.

Ташкент мешітінің имамымен «Домбиробод» мешітінің имамы Шермурад Тогай да толықтай келісіп отыр.

«Исламда ерлі-зайыптыларға жыныстық қатынас кезінде жаман ойлар ойламауға кеңес берілетін хадис бар", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721247-tsekte-trik-akterin-armandajtyn-jel-gej-tuady-degen-imam-eldi-sulatty/

pixel