RU
Қайрат Нұртастың келіншегі ең алғаш қалай танысқандарын айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың келіншегі ең алғаш қалай танысқандарын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың он жыл жасырған жары қалай танысқандарын айтып, елдің жүрегін елжіретті. Олардың таныстығы оқу орнындағы келеңсіз оқиғадан бастау алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас. Фото: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас. Фото: Instagram

Жолыға қалған сәтті көздері түйісе кететін екі жастың махаббаты үнді фильмдеріндегідей басталыпты. Бұл жайында Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

«Бізге жиі қойылатын: "Қайда? Қалай таныстыңыздар?" - деген сұраққа қысқаша жауап беруге тырысайын. 2004 жыл. Күз. Жаңа оқу жылы. РЭЦК. Қайрат - вокал бөліменде, ал мен - актер бөліменде оқып жүрген кезіміз. Бір-бірімізді сырттай біліп жүргенімен, арнайы таныс болған емеспіз. Бір ай бойы көзбен ғана танысып, бір- бірімізді бақылап жүрдік. Бірақ, мен оны көрген сайын, жүрегім еріксіз жылып, жүзім жайнап, ішкі жан дүнием езіле қалатын. Алайда, санам бұл сезімдерді қабылдамайтын, мінезім де сезімдерге ерік бермейтін, жігітті менсінбейтін, өзіме де, өзгеге де қатал Жұлдыз болатынмын. Сонда да, бойжеткеннің жігітке сезімін бірінші еш уақытта білдірмеу керек деген қағида санамда әбден сіңіп қалған».

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас. Фото: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас. Фото: Instagram

«Қазан айының шуақты күнінде, асxанада, түскі асымды алып тұрған кезімде, Қайратты жоғарғы курстың бірі (өздерінің системасы бойынша) қасыққа жұмсағанын құлағым шалып қалды. Сол стол басында, өзімнің де топтастарымның отырғанын байқап, қасықты Қайраттан бұрын, өзімнің тақтайшама қойып алып, "Өзім апарып беремін"- дедім де, бір жимиып, жанынан өтіп кете бардым. Қайрекең тұрған бойда артымнан қарап, үнсіз қала берді. Сол екі арада көздеріміз тоғысып, ортамыздан бір ұшқын ұшып өткен тәрізді. Құдды үнді кинодағыдай болды. Мені ең бірінші рет көрген кезінде де, сол үнді актирсаларының біріне ұқсатқанын жасырмады. Алғашқы таныстығымыз осылай басталып еді», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ ол жазбасы оқырмандарына қызықты болса, оқиғаның жалғасын жазатынын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
2
5
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір