RU

Астанада алапат өрт шығып, бойжеткен терезеден секіріп кеткен (видео, фото)

Астананың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп кеткен. Куәгерлер қызыл жалыннан қашқан қыздың тереден секіріп кеткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebok.com - Аян Белжанов
Фото: facebok.com - Аян Белжанов: UGC

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желі парақшасында жарияланды. Куәгерлер онда газдың жарылғанын айтады. Көше бойында улы түтіннің иісі шығып кеткен.

ІІМ ТЖК мәліметінше, Астанадағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан техникалық қызмет станциясында өрт шыққан.

Қазір қызыл жалынның бетін қайтару үшін оқиға орнында 30-дан астан адам мен 16 техника жұмыс істеуде.

Осы орайда, куәгерлер өрттен қашқан қыз үйдің терезесінен секіріп кетті деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1721303-astanada-alapat-rt-sygyp-bojzetken-terezeden-sekirip-ketken-video-foto.html