RU
Беташарда қораптағы ақшаға қол сұққан ер адам ұятқа қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Беташарда қораптағы ақшаға қол сұққан ер адам ұятқа қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілердің бірінде беташар ақшасын жиналған жұрттан ұялмастан қалтасына салып, ұрлап кеткен ер адамның видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram желісіндегі videogram_kaz парақшасында той үстінде қораптағы беташардың ақшасын қонақтардан еш қымсынбастан қалтасына салып, әкетіп бара жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Бейнежазбадан "ерсі әрекет" жасаған адамның жасы егде тартқан, ересек адам екенін байқауға болады.

Желі қолданушылары ер кісінің жымысқы әрекетін жаппай сынап тастаған. Олар "Ұяты жоқ адам", "Масқара", "Той үстінде ұят болған екен" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
20
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel