RU
Алматыда 6 адамның өмірін қиған өртке кінәлілер бес жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 6 адамның өмірін қиған өртке кінәлілер бес жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

«Almaty towers»-тегі 6 адамның өмірін қиған алапат өртке кінәлілерге қатысты сот үкімі шықты. Батут орталығының директоры мен дәнекерлеуші бес жылға сотталып, екеуі де сот залында қамауға алынды деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Судья Дәурен Тұяқов пен Александр Жукты бес жылдық жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтесін деген үкім шығарған. Батут орталығын дәнекерлеуге барған Жуктің бұл жұмысқа рұқсаты болмапты. Тұяқов та қауіпсіздікті ескермеген.

Сараптама нәтижесі бойынша, дәнекерлеу кезінде шоқ ұшып, от содан тұтанғаны дәлелденді. Алайда, сотталушылардың жақтастары үкіммен келіспей отыр. Сондықтан, жақын арада апелляцияға шағым түсірмек.

Дәнекерлеушінің адвокаты оның қауіпсіздікке жауап бермейтінін, қарапайым жалдамалы жұмысшы екенін айтып ақтамақшы.

Еске салсақ, 2016 жылдың қарашасында қала орталығындағы «Almaty towers» ғимараты өртке оранып, ішінен 6 мәйіт табылған еді. Марқұмдар шығар есік таппай, түтінге уланып өлген. Қаза тапқандардың бірі дәнекерлеуші, қалған бесеуі бір күнге қара жұмыс істеуге барған студенттер болған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір